Aqtobe Day Әлеумет

«Қандыағашқа апарар жол»: Шалқар жағынан жолдың алғашқы 20 шақырымы төселді

Қандыағаш пен Шалқардың арасына жол салына бастады. Құрылыс жұмыстары Шалқар жағынан басталып кетті. Таяуда құрылыс басында болған облыс басшысы жағдаймен танысып, жолдың бір бөлігімен жүріп өтті, деп хабарлайды «Тілші».

Қандыағаш пен Шалқар арасында дұрыс жол жоқ. Мамандар 50-60 жыл бұрын төселгенін айтады. Шалқар тұрғындары көбінесе алыс та болса, Ырғыз арқылы айналып, облыс орталығына қатынап жүр.

Келесі жылы жолдың Қотыртас станциясына дейінгі бөлігі (75 шақырымы) төселеді деп жоспарланған. Облыс басшысының есебінше, Шалқар мен Қандыағаш аралығында жол төсеу жұмыстары алдағы 3 жылдың ішінде толық аяқталуы керек.

«Қандыағаш-Жұрын жолына тұрғындар тарапынан шағым көп. Сондықтан, жол құрылысын екінші жағынан да бастай беру керектігі жөнінде ұсыныс айтылды», — дейді Асхат Шахаров.

Мердігер компания — «АссанаДорСтрой». Жолдың қалыңдығы 28 см болады, қиыршық тас, цемент қосылып, ресайклинг әдісімен төселеді.

Айта кетейік, Шалқар мен Қандыағаш аралығы шамамен 260 шақырым.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *