Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарының тоғызыншы турында Қазақстан құрамасы Максим Самородов, Асхат Тағыберген, Нұралы Әліп және ұлттық құраманың үздік сұрмергені Бахтиёр Зайнутдиинов алаңға шықпаса да жеңіске жетті, деп хабарлайды «Тілші».
Сан-Мариноны өз алаңында қарсы алған Магомед Адиев шәкірттері Қасым-Жомарт Тоқаев, Димаш және «Астана Арена» стадионына келген басқа да 30 100 көрермен алдында 3 : 1 есебімен қарсыласын ойсырата жеңді.
Ойында ерекше көзге түскен 23 жастағы Тобылдың орталық қорғаушысы Ислам Чесноков 19 және 51 минуттарда екі гол салып, ойынның үздік ойыншысы атанса, соңғы минуттарда Арман Кеңесовке қарсы өз қақпасының жанында тәртіп бұзған Сан-Марино ойыншыларын пенальтиден Абат Айымбетов орнына қойды.
Бұл пенальтиге байланысты ұлттық құрама бас бапкері Магомед Адиев «Пенальтиді екі голдың авторы Ислам Чесноков орындауы мүмкіндігі жайлы ойладық, бірақ Абат менімен бірінші күндерден бірге және допты Абат алғанда тоқтату дұрыс емес деп ойладық» деді.
Қазіргі таңда біздің H тобымыз іріктеу ойындарындағы ең тартысты топ екендігі анық. Бүгінгі ойынның өзін АҚШ, Қытай, Франциядан бөлек 33 ел өз арналарында трансляция жасағандығын айта кетуіміз қажет. Бұл біздің жас ойыншыларға топ лигаға ауысуға жақсы мүмкіндік.
«Біздің топта іріктеу ойындарының соңғы турына дейін интрига сақталуын Қазақстан ұлттық құрамасы басты себепкер екендігін мойындауымыз қажет», – деді ұлттық құрама бас бапкері.
Қазақстан үшін турдың соңғы ойыны 21 қарашада Словенияға қарсы сырт алаңда өтеді. Ұлттық құрама үшін бұл финалдық ойынмен тең екендігін еске саламыз.
H тобына көз сала кетсек, қазіргі таңда:
Дания — 22 ұпай
Словения — 19 ұпай
Қазақстан — 18 ұпай
Финяндия — 15 ұпай
Солтүстік Ирландия — 6 ұпай
Сан-Марино — 0 ұпай
Ұлттық құрама Словениядан тек жеңіспен емес, Еуропа чемпионатына жолдамамен келеді деп сенеміз.
Нұрмұқан Қонысбаев
2 Пікір