2023 жылы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің бұқаралық ақпарат құралдарымен бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды. Яғни жыл қорытындысы бойынша БАҚ-та барлығы 343 ақпараттық-насихаттық материал жарияланды.
Жергілікті және республикалық телеарналарында 135 бейнесюжет (репортаж) көрсетіліп, көрерменге жол тартты. Облыстық, жергілікті және республикалық газет-журналдарында 133 мақала, ал түрлі деңгейдегі сайттар мен «Kazinform.kz» халықаралық ақпараттық агенттігінің ресми сайтында 23 мақала жарық көрді. Жергілікті және республикалық радиолардың әуе толқынынан 52 ақпараттық хабарлама берілді. Есепті жыл ішінде 30 қызметкер сұхбат берді.
Тоқсан сайын және жыл соңында музейдің салалық бөлімдерімен БАҚ-пен жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша мониторингтік талдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
2023 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 33 БАҚ-қа материалдар шығып, кең көлемде насихатталды. Яғни осы БАҚ-тар музейге ақпараттық қолдау көрсетті. Атап айтсақ, олар: облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник», «Керек инфо», «Актобе таймс», «Диапазон», республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Қазақ», «Время» газеттері, «Мәдениет» журналы, облыстық (жергілікті) «Ақтөбе», «Рика», республикалық «ТДК-42», «Хабар», «Хабар-24», «31», «1 арна Евразия», «Астана-ТВ», «КТК», «Жібек жолы ТВ» телеарналары, «Kazinform.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі, «Tilshi.kz», «Оrtcom.kz», «Baq.kz», «Orda.kz», «Liter.kz», «El.kz», «Kaz.nur.kz», «Gurk.kz», «Zakon.kz», «Baigenews» сайттары, республикалық «Қазақ», жергілікті «Ақтөбе» радиолары. Яғни барлығы 33 түрлі деңгейдегі БАҚ-пен жұмыстар жүргізілді.
Ерекше бір айта кетерлігі, 18 мамыр — Халықаралық музейлер түні дәстүрлі мерекелік шарасы өткізіліп жатқаны туралы республикалық «Хабар-24» телеарнасы тікелей эфир жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізді.
Сонымен қатар «Музей түні-2023» мерекелік шарасы Халықаралық Гугол желісінің актуальныйна 37 ақпараттың қатарында төртінші ақпарат болып жарияланып, музей мәртебесін асқақтатып, мерейін үстем етті. Бұл — бұрын-соңды болмаған жағдай. Осы орайда «Диапазон» газетінің ақпараттық қолдауын ерекше айта кеткен жөн.
Алдағы уақытта да Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі және бұқаралық ақпарат құралдарымен музей ісін насихаттау мақсатында екіжақты әріптестік-ынтымақтастық, шығармашылық байланыс бағытындағы жүйелі жұмыстары одан әрі жалғасын таба бермек.
Жалпы соңғы үш жылда музей бойынша БАҚ-қа 1074 материал шықты.
Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері