Қазақстандық тележүргізуші әрі медиаменеджер Владимир Рерих 66 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Tilshinews.kz сайты Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Танымал журналистің қайтыс болғаны туралы ақпарат қазақстандық БАҚ-та тарады. Бұл ақпаратты өзінің Instagram парақшасында оның бұрынғы жары, тележүргізуші Дана Нұржігіт растады.
Нұржігіт жазғандай, Рерих 21 қаңтарда өзі 2012 жылдан бері тұрып жатқан Берлин қаласында қайтыс болған.
Владимир Рерих 1958 жылы 1 қаңтарда Талдықорғанда дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін, «Әділет» жоғары заң мектебін бітірген.
1996 жылы «Хабар» агенттігінде жұмыс істей бастады, оның қызметі бағдарлама директорынан бас директорға дейін өсті.
Көрермендер оны «Хабар» телеарнасында ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың жүргізушісі ретінде еске алады, сонымен қатар «Майдан», «Не істеу керек?», «Тұлға формуласы» ток-шоуларын жүргізіп, деректі фильмдер түсірді.
2006-2012 жылдар аралығында Еуразиялық медиа форумның бас продюсері болды. Ал 2012 жылы Германияға тұрақты тұру үшін көшіп кеткен.
фото: «Голос народа»