Қазақстандық балалар «Sanremo Junior — 2024» Халықаралық ән байқауына қатыса алады

Аты аңызға айналған «Sanremo Junior 2024» ән байқауына қатысу үшін ұлттық іріктеу турына өтінімдер қабылдау жалғасуда. Жыл сайын 25 жыл бойы бұл байқау өз сахнасында әлемнің 20-дан астам елінен ең талантты жарық жұлдызды таңдау үшін қатысушыларды жинап келеді.

«Sanremo Junior-Kazakhstan» іріктеу туры шеңберінде 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалар өздерін танытуға, кәсіби қазылар алқасының алдында өнер көрсетуге және қазақстандық эстрада жұлдыздарымен Гала-концертте бірге ән орындауға мүмкіндік алады.

Ұлттық іріктеуден оза шапқан Гран-при жеңімпазына Италияның Сан-Ремо қаласына тегін әуе сапарына және тұруға жолдама сыйлық ретінде беріледі, онымен қоса, әйгілі «Ariston» театрында Қазақстан атынан жарысады.

«Sanremo Junior Kazakhstan» басқа жүлдегерлері Сан-Ремо қаласына барып, Аристон театрындағы концертте Қазақстанның атынан көрсетілетін 15 минуттық көрсетілімге қатысады, жол мен тұру шығыны ұйымдастырушылар тарапынан сыйлыққа беріледі.

Байқауға қатысуға өтінімді ресми сайтта қалдыруға болады: www.sanremojunior.kz

Be the first to comment on "Қазақстандық балалар «Sanremo Junior — 2024» Халықаралық ән байқауына қатыса алады"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*