“Доссор-Құлсары-Ақтау” республикалық тас жолын тасқын су басып, автокөлік қозғалысы тоқтады. Аталған жол су басу қаупі бар аймақ болғандықтан “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” РМК Атырау облыстық филиалының директоры Бекбол Мұқашов және орталық инженерлері бірнеше күннен бері бақылауға алды.
“Жем өзені арнасынан асып, “Доссор-Құлсары-Ақтау” республикалық тас жолының 101-103 шақырым аралығына жайылды. Түс мезгілінде жол жабылып, автокөлік қатынасы тоқтады. Бұл су басу қаупі бар учаске болғандықтан бұған дейін жол бойындағы 7 су өткізгіш құбырды “ҚажСервис” ЖШС өкілдері тазартқан еді. Бірақ, тасқын судың көлемі көп, әрі қарқыны қатты, болды”, – дейді Б.Мұқашов.
“ҚазАвтоЖол” АҚ Атырау облыстық филиалы басшысының орынбасары Аслан Дүйсеновтың айтуынша, тасқын сумен күресуге 10 адам, 4 техника жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта “Доссор-Құлсары-Ақтау” жолының 4-119 шақырымы, яғни “Доссор-Құлсары” аралығы автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.
Медиада жеке бренд қалыптастыруды көздесеңіз, PR Arba Media тобының қызметіне жүгініңіз
@pr.arba.media +7 778 523 44 96
Be the first to comment on "Атырау облысында республикалық жол жабылып, автокөлік қозғалысы тоқтады"