Ақтөбедегі олимпиада резерві мектеп-колледжіндегі бала өліміне қатысты 2 күдікті қамауға алынды. Марқұмның туыстары баланың соққыға жығылғанын айтады, деп хабарлайды “Тілші”.
Еске сала кетейік, 11 сәуірде 14 жастағы оқушы есінен танып, құлады деп хабарланған болатын. Жедел жәрдем көлігі шақыртылғанымен, бала ауруханаға жетпей көз жұмды.
Instagram желісінде жақындары хабарлағандай, Бексұлтанды жоғары сыныптың оқушылары соққыға жыққан.
Orda.kz тілші хабарлағандай, Ақтөбедегі Есет батыр атындағы спорт мектебінің оқушысының өліміне байланысты полиция үш қылмыстық іс қозғады.
“Бұзақылық және адам өліміне әкеп соқтырған қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал орындамағаны үшін мұғалімдер мен спорт мектебінің басшылығына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде”, – делінген Orda.kz сайтында.
Қазір бұл мектептің екі оқушысы қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
коллаж: Ulusmedia.kz
Be the first to comment on "Ақтөбеде мектеп оқушысының өліміне қатысты 3 іс қозғалып, 2 күдікті қамауға алынды"