Нью-Йоркте Дональд Трампқа қатысты сот процесі басталады

15 сәуірде Нью-Йоркте экс-президент Дональд Трампқа қарсы қаржы алаяқтығы бойынша сот отырысы басталды. Бұл АҚШ тарихында бұрынғы президент үстінен қозғалып жатқан алғашқы сот отырысы болып қалады, деп хабарлайды TilshiNews.kz Орталық Азия жаңалықтарына сілтеме жасап.

Іс Нью-Йорктағы Манхэттеннің қылмыстық сотында қаралып жатыр. Тергеу Трамп 2016 жылы сайлау алдында порноактриса Сторми Дэниэлстің аузын жабу үшін адвокаты арқылы 130 мың доллар беріп, бірақ оны қорғаушысының заң қызметі арқылы тіркегенін, Нью-Йорк штатында бұл заң бұзу болып есептеледі.

2018 жылы Трамптың адвокаты Майкл Коэн бұл іс бойынша үш жылға абақтыға кесілген, ал сол кезде мемлекет басшысы болып тұрғандықтан Трампқа айып тағылған емес.

Трамптың өзі ешқандай қылмыс жасамағанын айтады.

АҚШ-тың 45-президенті, бұл өлкені 2017-2021 жылдары басқарған республикашыл 77 жастағы Трампқа қарсы жалпы төрт рет іс қозғалған.

Биыл күзде АҚШ-та кезекті рет президент сайлауы өтеді. Трамп оған тағы қатысуға әрекет жасап жатыр.

фото: lenta.ru

Логотип, баннер, постер, презентация (слайд)
PR Arba Media тобы сіздің бизнесіңізге қажетті дизайнерлік өнімдер әзірлейді
@pr.arba.media +7 778 523 44 96

 

Be the first to comment on "Нью-Йоркте Дональд Трампқа қатысты сот процесі басталады"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*