Олимпиадалық 100 үздік мектеп рейтингінің екінші орнында – Ақтөбедегі «Білім-инновация» лицей-интернаты

2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар қатысқан республикалық олимпиадалардың қорытынды кезеңін толық нәтижелеу үшін еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептер рейтингі жасалды, деп хабарлайды TilshiNews.z сайты Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде өңіріміздің 4 білім беру ұйымы ҮЗДІК олимпиадалық мектепқатарына енді. 

Ал  Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты 2-ші орынға жайғасты. 

Өніріміздің 100 үздік олимпиадалық мектеп қатарына енген білім беру ұйымдары:

Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты;

№ 11 орта мектеп-гимназиясы, Ақтөбе қаласы;

Д.Қонаев атындағы орта мектеп-гимназиясы;

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Be the first to comment on "Олимпиадалық 100 үздік мектеп рейтингінің екінші орнында – Ақтөбедегі «Білім-инновация» лицей-интернаты"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*