Грузия парламентінің төрағасы Шалва Папуашвили «Шетел ықпалының ашықтығы туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы дүйсенбідегі брифингте хабарланды. Сыншылар құжатты Ресейдің шетел агенттері туралы заңының көшірмесі деп атайды, деп хабарлайды TilshiNews.kz Centralasian.org сайтына сілтеме жасап.
Оппозиция заң жобасына қарсы дауыс беріп, жақтастарымен бірге наразылық акцияларына шықты. Құжатты Батыс елдері қатты сынады. Ел президенті Саломе Зурабишвили оған вето қойды. Алайда билік басындағы «Грузин арманы» партиясы президент ветосын айналып өтті.
Жаңа заңға сәйкес, биыл тамыз айынан бастап БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар шетел күші ықпалымен жұмыс істейтін ұйым ретінде тіркелуі тиіс. Мәліметтерге қарағанда, 2023 жылы олар 20 пайыздан астам табысын шетелден алған. Негізінен батыс қорларының қаражатымен жұмыс істейтін ұйымдар осы тізімге енгелі тұр, деп жазды “Эхо Кавказа”.
АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Құрама Штаттар Грузияға қатысты саясатын өзгертуі мүмкін екенін мәлімдеген. Еуроодақ елдерінің бірқатары Грузияны ұйымға кіруге үміткер мәртебесінен айыруды сұрап отыр.
фото: ulysmedia.kz
Be the first to comment on "Грузия парламентінің төрағасы шетел агенттері туралы заңға қол қойды"