“Арал суының қайта оралуы неғайбыл, алайда мұздардың еруіне байланысты үлкен су келуі мүмкін”

Таяуда Климат өзгеруі жөнінде Алматыда өткен халықаралық конференция барысында Орталық Азиядағы аймақтық экология қорының атқарушы директоры Зафар Махмудов осындай ойымен бөлісті. TilshiNews.kz Зафар Маухмудовтан Аралды құтқаруға қатысты нендей шаралар қолға алынып жатқанын сұрады.

«Арал теңізіне су келеді деп айту қиын. Алайда, мұздардың еруіне байланысты үлкен су келеді деген болжам жоқ емес. Дегенмен, тұрғындар тарапынан су тұтыну мөлшері еселеп артып келеді. Өйткені, Орталық Азияда экономика қарқын ала бастады. Ал бұл су ресурстарын пайдалану көлемі артады деген сөз”, – дейді Махмудов.

Оның айтуынша, Орталық Азия бүгінгі таңда жер бетінде қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың қатарында.

“Халық саны артып келеді. Сол себепті суды үнемдеуге бағытталған жаңа технология ойластыруымыз керек”, – деп қайырды Аймақтық экология қорының жетекшісі.

Айта кетейік, Климат өзгеруі жөніндегі халықаралық конференция барысында Халықаралық Аралды құтқару қоры атқарушы комитеті Орталық Азия аймағындағы экологиялық орталығы арасында меморандумға қол қойылды.

Зафар Махмудовтың айтуынша, Халықаралық Аралды құтқару қоры атқарушы комитетіне осы жылы Қазақстан төрағалық етеді.

Марат Төлепберген, TilshiNews.kz

 

Be the first to comment on "“Арал суының қайта оралуы неғайбыл, алайда мұздардың еруіне байланысты үлкен су келуі мүмкін”"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*