Company

Татьяна Проскурякова Дүниежүзілік банктің әлемдегі ең ірі даму ұйымы екенін атап өтті

Орталық Азия елдері әлемде болмаған климаттық өзгерістердің зардаптарын бастан кешіп жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Татьяна Проскурякова Алматыда Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияның ашылу салтанатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Орталық Азиядағы климаттың өзгеру мәселелері ерекше маңызды және аймақтық ерекшелікке ие.

«Бірде-бір ел басқа ұйымдармен және басқа елдермен тығыз жұмыс жасамайынша, климаттың өзгеруіне өздігінен дайындала да, оған қарсы тұра да алмайды», — деді Татьяна Проскурякова.

Ол Дүниежүзілік банктің әлемдегі ең ірі даму ұйымы екенін атап өтті. Даму саласында ұйым екі бағытта жұмыс істейді, олар — озық білімді тарату және қаржылық қолдау көрсету.

Татьяна Проскурякова Орталық Азияда климаттың өзгеруі және елдің даму стратегиялары бойынша талдамалық есептерді дайындауды бастаған Дүниежүзілік банктің талдамалық жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Бұл есептер Қазақстан мен Өзбекстан үшін жарияланған. Биыл Қырғызстан мен Тәжікстан бойынша есептерді аяқтау жоспарланып отыр.

Татьяна Проскурякова келесі Климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияда Орталық Азия үшін бейімделу және климаттың өзгеруімен күресу саласындағы басымдықтар туралы өз көзқарастарын жеткізе алатынына үміт білдірді.

Марат Төлепберген, TilshiNews.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *