Хромтаудағы Ойсылқара су қоймасында осы жаздың естен кетпес ең қызықты оқиғасы – «Титандар шайқасы 2024» жол талғамайтын көліктер жарысы өтті. Шара ERG компаниясының қолдауымен «Tugan qala» жобасы аясында ұйымдастырылып, Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің әр түкпірінен қатысушылар мен көрермендерді келген.
Көлік жүргізушілер мен штурмандар арасындағы халықаралық экстремальді жарыс «Tugan Qala» жобасының «Қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» аталымында жеңімпаз болған. Бұл шараны өткізуді өткен жылы Хромтау қаласының тұрғыны, аудандық ауруханың хирург дәрігері Данияр Садықов ұсынған еді. Данияр кез келген тұрғынның өзі секілді идея қалдырса, олардың ұсынысы назарға алынатынына дәлел бола алады.
Компания ауқымды шараға қаражат бөлді. Жарыстың ашылу салтанатында Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов пен Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Нұрлан Саринжипов қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан темір тұлпарлар бәйгесі биыл ERG компаниясының қолдауымен «Tugan Qala» жобасының шеңберінде өтіп отыр. Өңіріміздің осы айтулы шараның басты алаңына айналып отырғаны – бізге үлкен мәртебе. Бұл біздің ішкі туризмді дамытып, белсенді және саламатты өмір салтын қолдауға деген құлшынысымыздың айғағы, — деді Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов.
– ERG – әлеуметтік бағдарлы компания, – деді Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Нұрлан Саринжипов. – Компания өз филиалдары орналасқан қалаларды жақсарту үшін бірталай жұмыс атқаруда. «Tugan qala» жобасының арқасында компанияның туған қалаларында әрбір тұрғын өз өңірін көркейте алады. Бүгінгі таңда Хромтауда спорт және балалар ойын алаңдары көбейіп, муралдар пайда болды. Саябақтар мен алаңдардың аумағы жаңа нысандармен толықты. Ал бүгін қатысушылардың ынта-жігері мен рухын көріп, жоба аясындағы алғашқы оқиғалық шара сәтті өтті деп айта аламын.
Көліктері сынға түскен сайыста «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалдарынан, яғни Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері де қатысты. Ұйымдастырушылар барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, қатысушыларға нағыз сынақ алаңдарына пара-пар тас жолды дайындады. Күні бойы жол талғамайтын көліктер GPS қабылдағыштары мен жол карталарын басшылыққа ала отырып, маршруттың қиын учаскелерін жүріп өтті. Қатысушылар «Стандарт», «Стандарт+» және «Экстрим» деп аталатын үш аталымда сынға түсті. Олардың әрқайсысы ерекше дағдылар мен дайындықты талап етеді. Бұл жарыстардың ерекшелігі – барлық бағдарлау аймағында жасырылған арнайы белгілерді табу және тіркеу керек.
Шара чемпиондық белбеу мен бағалы сыйлықтарға ие болған жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды. Ұйымдастырушылар «Титандар шайқасы» Хромтау үшін маңызды оқиғаға айналғанын және қаланың ауқымды әрі әсерлі іс-шараларды өткізуге қабілетті екеніне куә болғандарын айтты. Сондай-ақ, барлық қатысушылар мен көрермендерге қолдаулары мен белсенділіктері үшін алғыс айтты.