Мемлекеттік тілдің өрісі

Тіл – қатынастың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Өйткені, ана тілінің өмір сүру кеңістігін тілді сақтау, ал тілді сақтау ел тұтастығын сақтау.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі. Ол қасиетті де қастерлі. Тілге деген құрмет ұлтқа деген құрмет. Ана тіліміз қазақ тілін дамыту өз қолымызда.

Ел тәуелсіздігі – тіл тәуелсіздігі. Тіл – ұлттың төлқұжаты, мемлекеттің тұғыры. Сол болашақтың берік іргетасын бүгін қалауымыз қажет. Осы қағидатты ұстанып отырған құзырлы орган – облыстық тілдерді дамыту басқармасының ауқымды істері өз жалғасын таба беретін болады, өйткені тіл білу бәсекеге қабілетті бүгінгі заман адамының міндеті.

Туған тілден безінген азаматтардлы көргенде Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік» деген сөзі еске келеді. Елдің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолдан келген көмегін аямауы тиіс.Тіл байлығы әрбір ұлттың мақтанышы.

Қазіргі таңда жастарымыз қазақ тілінде сөйлеп, жауапты қазақ тілінде қайтаруды үйреніп жатыр. Бұл дегеніміз жүрекке үміт ұялатады. Ұлтым деп қазағым деп соққан жүрек алдымен қазақ тілін құрметтеп, дәріптеу қажет деп санаймын.

Қазақстан – әлемдегі ең мықты, бәсекеге қадбілетті елу елдің қатарына ену үшын қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстау қажет екенін ұмытпауымыз қажет.

А. Коханова, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маман сот отырысының хатшысы

 

Be the first to comment on "Мемлекеттік тілдің өрісі"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*