Aqtobe Day

Ақтөбеде белсенді Еркебұлан Құлбасовқа айыппұл салынды

12 тамыз күні Ақтөбе соты утилизация алымына қарсылығымен танылған белсенді Еркебұлан Құлбасовқа 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл (73 840 теңге немесе шамамен 154 доллар) салды. Сот оны «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп таныды. Ал белсенді сот шешімімен келіспейді деп хабарлайды Азаттық.

Құлбасовтың әкімшілік жауапқа тартылуына 9 тамыз күнгі оқиға түрткі болған. Оның сөзінше, сол күні жақтастарымен бірге әкімдікке барып, «4,5 млн теңге несиені бірден төлеу туралы сот қаулысына» наразы болған.

Айтуынша, Қаңтар оқиғасы қарсаңында бизнес жүргізу үшін 4,5 млн теңге несие алып, алайда ісін жүргізе алмаған. Ізінше Қаңтарға қатысты қамалып, жұмыссыз қалған, сәйкесінше несиені өтей алмай қалған. Банк ісін сотқа жіберіп, 4,5 млн теңгені бірден төлеу туралы қаулы шығарады.

— Мен жауапкершіліктен қашпаймын. Бірақ 4,5 млн теңгені бірден төлей де алмаймын. Осыған орай сот қаулысын орындамады деп жауапқа тартқалы отыр. Утилизация алымын жоюды талап етіп жүргенім билікке ұнамайтынын білемін, — дейді белсенді.

Оның сөзінше, 9 тамызда ол әкімдік маңында «сот қаулысы өзгермесе, өзін өртеп жіберетінін» айтқан. Айтуынша, қолында бензин құйылған құты да болған. Бұдан соң полиция оны ұстап, «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша хаттама толтырған.

Ақтөбе полициясы Құлбасовтың үстінен әкімшілік іс қозғалғанын растады. Басқа түсініктеме бермеді.

Еркебұлан Құлбасовтың сөзінше, алдағы уақытта әкімшілік сот оған қарсы тағы бір істі (сот қаулысын орындамау ісі) қарайды. Белсенді соған алаңдап отырғанын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *