Ақтөбеде жол апатынан үш адам қаза тапты

Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған жол апаты үш адамның өмірін жалмады. Қаза болғандардың ішінде мектеп оқушысы бар, деп хабарлайды «Тілші».

Қайғылы оқиға 17 тамыз күні Бестамақ ауылының тұсында болды. Ақтөбе облысының полиция департаменті үш адам қаза болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

– 17 тамызда сағат 16:20 шамасында ВАЗ-2115 пен ГАЗель көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға салдарынан ВАЗ-2115 жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал кәмелетке толмаған тағы бір жолаушы жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тағы үш жолаушы Алға қаласындағы ауруханаға жатқызылды, – дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Be the first to comment on "Ақтөбеде жол апатынан үш адам қаза тапты"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*