Сицилия жағалауындағы апат: алты адам хабарсыз кетті, оның ішінде британдық миллиардер бар

Тамыздың 19-ы күні Сицилия жағалауында Bayesian атты сәнді яхтаның апатқа ұшырауы салдарынан бес адамның мәйіті жағаға шығарылды. Бұл туралы “ВВС-дің орыс қызметі” хабарлады.

Табылған барлық мәйіттер суға батқан кеменің ішінен табылған. Италия заңдарына сәйкес, қаза тапқандарды алдымен отбасы мүшелері тануы керек болғандықтан, олардың аты-жөндері әзірге жарияланбай отыр.

Оқиғадан кейін алты адам хабарсыз кеткен деп жарияланды. Олардың қатарында яхта иесі, британдық миллиардер Майк Линч, оның 18 жастағы қызы Ханна, Morgan Stanley International директорлар кеңесінің төрағасы Джонатан Блумер мен оның әйелі Джуди, сондай-ақ заңгер Крис Морвилло мен оның әйелі Неда бар.

Алдын ала болжам бойынша, яхтаны су құйыны батырған, ал жақын маңдағы басқа кемелер зақымданбаған. Мамандар кеменің биік діңгегінің салдарынан аударылып кетуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Қазіргі уақытта кеме шамамен 50 метр тереңдікте жатыр, іздеу-құтқару жұмыстарына су асты роботтары тартылған.

Айта кетейік, Линч яхтаға Bayesian деген атты ықтималдық теориясының негізін қалаушылардың бірі, 18-ғасырдағы ағылшын математигі Томас Байестің құрметіне берген. Миллиардер математиканың осы саласын зерттеп, ықтималдық теориясының қағидаларын өзінің докторлық диссертациясында қолданған.

Be the first to comment on "Сицилия жағалауындағы апат: алты адам хабарсыз кетті, оның ішінде британдық миллиардер бар"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*