Әлем

Бішкекте балаларға арналған тағы бір заңсыз діни лагерь әшкереленді

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Бішкекте тағы бір заңсыз діни лагерьді әшкереледі. Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.

Діни мекеме ешқандай рұқсат қағазсыз, тіркеусіз жұмыс істеген. Арнайы қызмет мәліметінше, мұнда негізінен кәмелет жасқа толмаған қыздар оқыған. Комитет тексеруінен кейін лагерь жабылған.

Арнайы қызмет осының алдында да астанада балаларға арналған заңсыз діни лагерьлердің жұмысын тоқтатқан. Биыл шілденің аяғында Бішкекте осындай төрт лагерь жабылған. Оларды 6 жастан бастап 17 жасқа дейінгі аралықтағы 120 бала оқыған. Дәрісті діни білімі жоқ адамдар өткізген.

ҰҚМК елде заңсыз медреселерді де жиі әшкерелейді. Осындай бір заңсыз діни мекеме тамыздың ортасында жабылған. Ол мешіт ғимаратында жұмыс істеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *