АЭС референдумы туралы Президент Жарлығының жобасы Үкімет қарауына жіберілді

Қазақстанда АЭС салу мәселесіне арналған республикалық референдум туралы Президент Жарлығының жобасы Үкімет қарауына жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға бастамашылық жасау және республикалық референдумды өткізу туралы ҚР Президенті Жарлығының жобасын ҚР Президентінің қарауына енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын қарауға шығаруды ұсынамын», – деді министр.

Ал, Премьер-министр Олжас Бектенов атом энергетикасы сияқты бірегей қуат көзінен Қазақстан тыс қала алмайтынын айта келіп, Үкімет мүшелерін қаулы жобасына дауыс беруге шақырды.

«Біздің еліміз сияқты ең көп энергия пайдаланатын экономиканы дамытуға дәл осы атом энергетикасы негіз болып, халықтың тұрмыс деңгейін одан әрі арттыруға мүмкіндік беруге тиіс. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, атом энергетикасы экономиканың көптеген саласында инновацияларды қолдануға ынталандырады. Әрі отандық өнеркәсіптің дамуына да үлкен серпін береді. Сондықтан біз өзімізде баламасы жоқ тұрақты және сенімді энергия көзінен тыс қала алмаймыз. Осыған байланысты ұсынылған Үкімет қаулысының жобасына дауыс беруді ұсынамын», – деді Олжас Бектенов.

Үкімет мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде қаулы қабылданды.

Be the first to comment on "АЭС референдумы туралы Президент Жарлығының жобасы Үкімет қарауына жіберілді"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*