«Қайтыс болғандар да баспана кезегінде тұрған»: прокуратура Ақтөбе әкімдігіне қадағалау актісін жолдады

Ақтөбеде үй кезегінде қайтыс болған 11 азамат тұрған, деп хабарлайды «Тілші» қадағалау органына сілтеме жасап.

Прокурорлар кезектегі тізімдерді түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегенін анықтады.

“Басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден астам азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған”, – деп хабарлайды облыстық прокуратурадан.

Айта кетейік, облыста 36 мыңнан астам адам кезекте тұр.

Be the first to comment on "«Қайтыс болғандар да баспана кезегінде тұрған»: прокуратура Ақтөбе әкімдігіне қадағалау актісін жолдады"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*