Company Экономика

Nvidia акцияларының құны рекордтық деңгейге өсуі мүмкін

Nvidia компаниясының алдағы қаржылық есебі нарықта үлкен толқу тудыруы мүмкін. АҚШ-тағы сарапшылар компания акцияларының құны 300 миллиард долларға дейін өзгеруі мүмкін деп болжап отыр. Бұл туралы «Тілші» Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ORATS талдау компаниясының мәліметтері бойынша, трейдерлер Nvidia акцияларының бағасы бейсенбіде, яғни есеп жарияланғаннан кейінгі күні, шамамен 9,8%-ға өзгереді деп күтіп отыр. Бұл соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Nvidia – жасанды интеллект технологиясына арналған чиптерді өндіретін әлемдік көшбасшы. Компанияның қаржылық көрсеткіштері бүкіл технология саласының жай-күйін көрсететін маңызды индикатор болып саналады.

Сарапшылар мұндай болжамды компанияның нарықтағы үстем жағдайымен және жасанды интеллект саласындағы қарқынды дамумен байланыстырады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Бибігүл Төлегенова 95 жасын «Астана Опера» сахнасында атап өтеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *