ҚТЖ көшпелі қаржы комиссиясы 2022 жылы Семей, Аягөз және Өскемен локомотив деполарында дизель отынын жаппай ұрлау фактілерін анықтады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Материалдар Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының құқық қорғау органдарына берілді. ҚТЖ тарапынан тергеу жүргізуге толық көмек көрсетілді. Семей және Аягөз депосының басшылығына қатысты 2024 жылы айыптау үкімі күшіне енді. ҚТЖ мұндай фактілерге жол бермеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Компанияда кез келген бұзушылықтарға нөлдік төзімділік саясаты бар.