Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жаза мерзімін өтеп жатқан, істеген істеріне шын өкініп, оңалу жолына түскен ондаған адамға рақымшылық беру жөніндегі құжатқа қол қойды, Орталық Азия Жаңалықтар қызметі.
Құжат ел тәуелсіздігінің 33 жылдығына арнап қабылданды.
Жарлыққа сәйкес, жалпы 522 адам рақымшылыққа ілініп, оның ішінде 159 адам негізгі жазасын өтеуден, 303 адам шартты түрде жазасын өтеуден босатылып, 60 адамның жазасы жеңілдетілген жазаға алмастырылды.
Рақымшылыққа ілінгендердің 19 шетелдік, 56 әйел, 25-і 60 жастан асқан ер адам, 233-і жастар (оның ішінде бір жасөспірім бар). Сонымен бірге тыйым салынған ұйымдардың қызметіне араласқаны үшін сотталған 27 адам Мирзияевтің кешіріміне ие болды.
Биыл сәуір айында Ораза айында президент Мирзияев 426 адамға рақымшылық жасаған.