Company

Хромтаудың коммуналдық қызметі арнайы техникалармен толықты

Ақтөбе облысы әкімдігі мен ERG арасында жасалатын жыл сайынғы меморандум аясында моноқалаға жаңа маусымдық көліктер сатып алынды. Климаты қоңыржай Хромтауға әкелінген су жаңа мықты техникалар нағыз көмекші болмақ. Бастамаға құйылған инвестиция көлемі 117 миллион теңгеден астам.

Мұндай құрама жол машинасы Хромтауға алғаш рет әкелініп отыр. Жаңа грейдер ерекше қуатты. Екі көлікті де жаз бен қыста да қолдануға болады. Олардың Еуро 5 стандарттарына сай келетіндігі және қоршаған ортаға кері әсерінің де болмауы маңызды.

Техникалар қалаға Конституция күні қарсаңында тапсырылды.

– Қалаға коммуналдық қызмет көрсету үшін арнайы көлік алдық, — деді Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев. – ERG құрамындағы «Қазхром» жыл сайын қажетті техникаларға қаражат бөледі. Бұл қаланың экологиясын жақсартып қана қоймай, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Қалалық санитарлық тазалау учаскесінің басшысы Арман Исмагуловтың айтуынша, грейдер жақсы жұмыс істейді. Қыста «өзгеретін» режимі мен шөміштің жұмсақ ілмесі бар. Бұл қауіпсіз әрі ыңғайлы. Суару мен қар тазалағыш функциясымен жабдықталған көлік жазда жолдарды тазартып, шаңды басу үшін қолданылады. Ал қыста режим өзгертуге болады. Ол жиынтыққа кіретін арнайы құм шашатын құрылғымен жабдықталған. Ал алдыңғы жағына қар күрегі орнатылған. Оның бұрышын өзгертуге де болады. Механизмдер заманауи гидравликалық жетекте жұмыс істейді.

– Бүгін осындай іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын, — деді Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Нұрлан Саринжипов. – Компания қала тарихымен және оның өмірімен тікелей байланысты. Сондықтан Хромтаудың көркейіп, дамып, жайлы болып келе жатқаны қуантады. Эстетикалық және заманауи жаңа техника қыста жолдарды қауіпсіз, ал жазда таза ұстауға сеп.

Коммуналдық қызмет мамандары жабдықтарды сынақтап өткізіп, оң баға берді.

– Техниканың ауа баптағышы, үрмелі жастығы бар. Басқару оңай, барлығы гидравликамен жұмыс істейді,- деді хромтаулық жүргізуші Райым Рысмамбетов. – Жаңа көлікпен жұмыс істеу әрі қарай ыңғайлы болатын секілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *