Иран блогері бір нүкте ғана қойылған твит үшін 12 жылға сотталды

Иранда жергілікті оппозициялық блогер Хоссейн Шанбехзаде елдің рухани көсемі Әли Хаменеи жазбасына жауап ретінде бір нүкте ғана қалдырғаны үшін 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Орталық Азия Жаңалықтар қызметі.

Бұл туралы Iran International сотталушының адвокаты Әмір Раисианның айтқандарына сүйене отырып хабарлады.

Шанбехзаде твитті мамырда қалдырған. Ол Хаменеи жазбасынан әлдеқайда көп лайк жинаған. Бірнеше аптадан соң блогерді тұтқындаған. 31 тамызда Шанбехзаденің адвокаты блогер “Израиль мүддесін насихаттағаны үшін” бес жылға, “ислам құндылығын даттағаны үшін” төрт жылға, “жалған ақпарат таратқаны үшін” екі жылға, “мемлекетке қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін” бір жылға соталғанын хабарлады.

Раисианның айтуынша, блогер 12 жылдың бесеуін түрмеде өткізуі тиіс, содан кейін уақытынан бұрын бостандыққа шығаруын сұрай алады. Адвокат үкімге шағым түсіруді көздеп отыр.

Шанбехзаде 2019 жылы да түрмеге түскен. Сол кезде ол Иранда жанармайдың қымбаттауына қарсы наразылыққа қатысқан.

Iran International басылымының мәліметінше, Иран жүйесін сынаушылар нүкте секілді белгілерді билікпен келіспейтінін білдіру үшін жиі қолданады.

Be the first to comment on "Иран блогері бір нүкте ғана қойылған твит үшін 12 жылға сотталды"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*