Орыс түрмелеріндегі шетелдіктерге жазасын өз елінде өтеу ұсынылды

Ресейде сотталған шетелдіктерге жаза мерзімін өз елінде өтеу ұсынылып жатыр. Бұл жөнінде “Важные истории” басылымы құқық қорғаушы Ивана Асташинге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Орталық Азия Жаңалықтар қызметі. 

Онда Ресейдің Федералдық жазаны атқару қызметі “түрмелердегі кепілге алу бойынша жаңа оқиғалардың алдын алу үшін ойластырып жатқаны” жазылған.

Басылым дереккөзінше, Мордовия республикасындағы ИК-17 түрме жетекшілігі жазасын өтеп жатқан шетелдіктерге отанына аударуды сұрап арыз жазуды ұсынған.

Дәл осы түрмеде Қырғызстанның үш азаматы, Беларусьтың бір азаматы отанына аударуды күтіп жатыр.

Адвокат Евгений Смирнов атап өткендей, түрмедегілерді еліне депортация жолымен аударуы мүмкін.

Be the first to comment on "Орыс түрмелеріндегі шетелдіктерге жазасын өз елінде өтеу ұсынылды"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*