Хромтауда «Tugan Qala» форумы алғаш рет тұрғындардың авторлық сценарийімен өтті

«Tugan Qala» форумы қыркүйектің 14-і күні Хромтаудағы Кеншілер мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Биыл шара тұрғындардың өздері ұсынғандай қаланың тарихи орындарына квест, «Tugan Qala» бастамасымен бой көтерген нысандар тегіс қамтып, қатысушылар өздерін қызықтырған тренингтер мен шеберлік сабақтарына қатыса алды.

«Tugan Qala» форумына биыл мемлекеттік орган, өнеркәсіп индустриясы өкілдері мен осы шараның ұйымдастырылуына ат салысқан бастамашыл тұрғындар, форумның бағдарламасын әзірлеуге қатысқан Дөң ТКБК қызметкрелерін қоса алғанда, қазхромдықтар, жалпы саны 150 адам жиналады.

– ERG-дің «Tugan Qala» сынды маңызды жобаларын қызметкерлеріміз бен тұрғындардың қолдауынсыз іске асыру мүмкін емес. Бұл бастамаларға қатысушылар саны жылдан жылға артуда. Біз олармен бірге елді мекенді «арман қалаға» айналдыруға ұмтыламыз, – деді Еуразиялық Топ Бас директорының персонал және мәдениет жөніндегі орынбасары Ақмарал Найзабекова. – Хромтау тұрғындары да бұл жобаға белсене атсалысып келеді. Төрт жыл ішінде әлеуметтік жобаларға 2,2 млрд теңге жұмсалды. Атап айтсақ, бұл — балабақша, мәдениет сарайы құрылысы, Хромтаудағы өзге де әлеуметтік нысандарды қолдаймыз.

Форум қонақтары «Tugan Qala» жобасының Хромтаудағы алты нысанын аралап шықты. Олар сондай-ақ қалаға арнап тілектерін арнайы баннерге жазып қалдырды. Қалаған адам орталық саябақтан бастап ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке дейін автобуспен серуендей алды.

Одан бөлек, форумға қатысушыларға Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік, қаржы, психология, сәулет және құрылыс салаларындағы жетекші сарапшылардың тренингтері мен шеберлік сабақтары жоспарланған.

Мемлекеттік органдар және бизнеспен бірлесіп, қауымдастықтар құру жайлы шеберлік сабағы да бар. Форум меймандары бастаманың «Идеядан іске асқанға дейінгі» барлық сатыларымен жіті таныса алады.

– «Tugan Qala» бастамасы – ерекше қызықты кейс. Барлық моноқалалардың ортақ проблемасы – инфрақұрылым. Ал бұл бастама шағын қадамдармен үлкен іс тындырып қаланы дамытуға сеп. Саябақ, аялдама, мурал – елді мекендердің көркі. Осындағы адамдардың да көзін қуантып, көңілін жақсы істерге бұрады. ERG компаниясының бұл тәжірибесінен алармыз көп, – деді KAZ Minerals өкілі Ермек Дүзкенов. Хромтаулықтар өздері жасаған бұйымдар мен бар аспаздық өнерін салған тағамдар жәрмеңкесі қаланың мәдениеті мен өзіндік ерекшелігін даралай түсті. Форумға келген меймандар Хромтаудың дәмін татып, өздеріне ұнаған қолөнер бұйымдарын сатып ала алды.

Форум қорытындысында онлайн-байқау мен квест жеңімпаздары марапатталып, оларға естелік сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

«Tugan Qala» жобасы жайлы
«Tugan Qala» жобасы – ERG жыл сайын облыс әкімдіктерімен арада жасасатын меморандумдар аясында бөлінген қаражаттың қайда бағытталатынын тұрғындардың шешуіне мүмкіндік беретін бастама. Түпкі мақсат – кәсіпорындардан түскен қаражаттың қай инфақұрылым нысандарына жұмсалуы тиіс екенін және қалада қандай нысандар салынатынын тұрғындардың өздері анықтап, сол арқылы қаланың дамуына тікелей өздерінің ат салысуына жол ашу.

Бастама Хромтау, Ақсу, Рудный қалалары мен Қашар және Октябрьский кенттерінде ісе асырылып жатыр. Биыл Лисаковск қаласында да өтінімдер қабылданды. Жалпы «Tugan Qala» жобасы 2019 жылы қолға алынды. Оның аясында бүгінге дейін 144 әлеуметтік нысан салынып, іске қосылған. Олардың қатарында балалар мен спорт алаңдары, арт-нысандар мен инклюзивті жағажай, шаңғы роллер жолы және т.с.с. бар. «Tugan Qala» жобасы аясындағы бастамаларды іске асыруға ERG жалпы сомасы 690 млн теңгеден астам қаражат бағыттаған.

Be the first to comment on "Хромтауда «Tugan Qala» форумы алғаш рет тұрғындардың авторлық сценарийімен өтті"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*