Премьер-Министр Ақтөбе ферроқорытпа зауытын аралады

Ақтөбе ферроқорытпа зауытын аралау кезінде Премьер-Министр өндіріс барысымен танысты. Жобалық қуаты жылына 740 мың тоннадан асатын зауытта қож өңдеу цехы, тау-кен байыту және басқа да қосалқы нысандар жұмыс істейді, деп хабарлайды “Тілші” Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өндірілетін феррохром, ферросилиций және басқа қорытпалар аса берік болат өндіруде, шойынды легирлеуде, сондай-ақ металлургияның басқа да бағыттарында пайдаланылады. Зауытта 4060 жұмыс орны ашылды. Көлемді одан әрі ұлғайту мақсатында балқыту пештерінің қуаты 300 мыңнан 700 мың тоннаға дейін арттырылды.

Олжас Бектенов инновациялық технологияларды енгізудің маңызды екенін атап өтті, бұл жоғары деңгейде өңделген өнімнің сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік, экология мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандық бизнеске қажетті қолдау көрсетілуде. Алып кәсіпорындардың өндіріс көлемінің өсуі өз кезегінде аралас салалардың дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға, адамдардың өмір сүру сапасын одан әрі жақсартуға серпін береді.

Be the first to comment on "Премьер-Министр Ақтөбе ферроқорытпа зауытын аралады"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*