Түркіменстанда мақта теруге шыққан бірнеше сарбаз әскерден қашты

Түркіменстанның Балқан уәлаятында әскердегі сарбаздар тамыздың ортасынан бастап мақта алқаптарында жұмыс істеп жүр. Командирлер кейді сарбаздарды жеке шаруашылықтарға тегін еңбек күші ретінде жібереді. Жақында мақта алқабындағы бірнеше сарбаз қашып кетті. Бұл туралы Орталық Азия Жаңалықтар қызметі. 

Азаттықтың Түркімен қызметінің тілшісінің хабарлауынша, сарбаздар мақта алқабындағы қара жұмысқа төзбеген.

Аймақтардағы әскери бөлімдегі сарбаздарды мақта алқаптарына 15 тамыздан бастап жібере бастаған. Олар бір айдан астам уақыт Берекет, Гызыларват және Махтумкули этраптарындағы мақта алқаптарына тігілген шатырларда түнеп жүр.

Әлемдік қауымдастық Түркіменстанды ондаған жылдар бойы адамдарды мәжбүрлі түрде мақта алқаптарына жұмысқа жеккені үшін сынап келеді.

Азаттық тілшісі тамыздың аяғында бюджет қызметкерлерін де мақта алқаптарына жібере бастағанын хабарлаған.

Алқаптарға олардан бұрын жеткен әскердегі сарбаздарды жекеменшік шаруашылықтарға тегін жұмыс күші ретінде жіберіп жатқаны мәлім болды.

Азаттық тілшісі сарбаздар екі мәрте мақта алқабын тастап қашқанын білді. Бір топ сарбаз жекеменшік шаруашылықтан қашқан.

“Бес сарбазды Гызыларват этрапындағы Азади диқан бірлестігіне мақта теруге жіберген. Олар 7 қыркүйекте қашып шыққан. Сарбазды жергілікті темір жол станциясында ұстап, 10 тәулікке айыппұл ротасына жіберген” дейді Азаттықтың әскердегі бір дереккөзі.

Мақта алқабын тастап қашқан тағы бір топ сарбаз 14 қыркүйекте Ашғабатқа дейін жеткен. Олар астанадағы аялдамалардың бірінде ұсталған.

Be the first to comment on "Түркіменстанда мақта теруге шыққан бірнеше сарбаз әскерден қашты"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*