Саясат

Жыл басынан бері 12 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алған, көбі Қытайдан келген

2024 жылдың басынан қыркүйекке дейінгі аралықта 12 325 қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған. Бұл ақпаратты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратты, деп жазады Орталық Азия Жаңалықтар қызметі.

Министрлік мәліметіне қарағанда, қандастардың жартысына жуығы (45,6 пайыз) Қытайдан, 39,2 пайызы Өзбекстаннан, 5,5 пайызы Түркіменстаннан, 5,4 пайызы Моңғолиядан, 3,1 пайызы Ресейден және 1,2 пайызы өзге елдерден келген.

– Олар елдің түрлі өңіріне қоныстанды, қандастарды қоныстандыру бойынша еңбек күші тапшы өңірлер анықталды. Олар – Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары, – деп хабарлады министрлік.

Келгендердің 58,2 пайызы еңбекке жарамды жаста, 32,4 пайызы еңбек жасына жетпеген, 9,4 пайызы – зейнет жасындағылар.

Министрлік мәліметі бойынша, 1991 жылдан бері 1 миллион 140,7 мың қазақ тарихи отанына оралған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *