25 қыркүйекте Алматыда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Shell концернінің Қазақстандағы төрағасы Әли Әл-Жанабимен кездесті. Кездесу барысында тараптар геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды “Тілші” компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚМГ мен «Шелл Қазақстан» Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын геологиялық барлау және геологиялық зерттеу жобаларына зерттеу жүргізуде.
Кездесу барысында Shell Қазақстанның стратегиялық серіктесі екені және тараптардың серіктестік байланысты одан әрі нығайтуға, жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға ұмтылатыны айтылды.
ҚМГ Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы бес учаскеде кең ауқымды сейсмикалық барлау жұмыстарымен айналысып жатыр. Деректер жыл соңына дейін жинақталады. Кейбір учаскелер бойынша нақты қызығушылық танытып отырған шетелдік серіктестер де бар.
Be the first to comment on "ҚазМұнайГаз бен Shell геологиялық барлау саласында ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады"