Әлем Саясат

Израиль Ливанда құрлықтағы операциясын бастады

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) барлау деректері негізінде Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболла» нысандары мен инфрақұрылымына қарсы құрлықта шектеулі рейд бастағанын хабарлады. Бұл туралы Азаттыққа сілтеме жасап, «Тілші» жазады. 

Израиль армиясы басшылығы әскери бөлімшелері Ливан аумағында «шектеулі, мақсатты рейдтер» бастағанын айтты. Израиль мәліметінше, нысандар «шекараға жақын ауылдарда орналасқан, олар Израильдің елді мекендеріне тікелей қауіп төндіріп тұр».

Құрлықтағы операция алдында Израиль армиясы Ливан аумағындағы «Хезболла» тобымен байланысты нысандарға әуеден жаппай шабуыл жасады. Сарапшылардың пікірінше, Израиль 2023 жылғы 7 қазанда ел аумағына басып кірген «ХАМАС» тобына қолдау білдірген және былтыр қазаннан бері Израильді атқылауды әдетке айналдырған «Хезболламен» әскери қақтығысты тоқтатуға тырысып жатыр. Израильдің солтүстігін атқылағаннан кейін ондағы елді мекендерден ондаған мың адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Израиль Ливандағы әскери операцияның ресми мақсаты – тұрғындарды үйіне қайтаруға жағдай жасау деді.

The New York Times газетінің ақпаратынша, басқыншы күштер шағын топтардан тұрады. Қажет болса, Ливан аумағына үлкен контингенттер де тартылуы мүмкін.

Операция жоспары 30 қыркүйек кешке Израиль үкіметі отырысында мақұлданды. ЦАХАЛ мәлімдемесі Израиль қарулы күштерінің телеграм-арнасында жарияланған.

Дереккөздеріне сүйенген AFP және Reuters агенттіктерінің жазуынша, Ливан армиясы оңтүстіктегі шекарадан әскерін бірнеше шақырымға шегіндірген.

Біздің telegram-арнамызға жазылып, облыс, ел және алыс та жақын шет мемлекеттердегі жаңалықтардан хабардар болыңыз!

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *