Microsoft алдағы екі жылда Италияның бұлттық және жасанды интеллект саласын дамытуға 4,3 млрд еуро бөледі. Бұл қаражат жаңа дата орталықтарын салуға және миллионнан астам маманды оқытуға жұмсалады, деп хабарлайды «Тілші» Интерфакске сілтеме жасап.
Компания бұл қадамды италиялық бизнестің цифрлық шешімдерге сұранысының артуымен түсіндіреді. Microsoft-тың пікірінше, аталмыш инвестиция Италияның экономикалық өсіміне серпін береді.
«Бұл Италияға жасанды сананың мүмкіндіктерін толық пайдалануға көмектесіп, ел үкіметінің басты назарындағы ұзақ мерзімді экономикалық өсімге үлес қосады», — делінген компания мәлімдемесінде.
Бұл — Microsoft-тың Италияға салған ең ірі инвестициясы.