Aqtobe Day Әлеумет

Бірнеше адамның өліміне себепкер болған полицей соңғы сөзін айтты

Жол апаты кезінде әке-шешесі мен үш бауырының өліміне себепкер болған Хромтау аудандық полиция бөлімінің қызметкері бүгін сот алдында соңғы сөзін айтты.

Оны тыңдауға сот залына полицияның 20 шақты қызметкері келді. 28 жастағы сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындап, соттан бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Суретте: Әріптесінің сотына келген полиция қызметкерлері

Бұл оқиға 2024 жылғы 26 тамыз күні Қобда ауданындағы Әлия ауылының маңында болған. Volkswagen Polo көлігімен туған жері Ойылға өз отбасының бес мүшесін апара жатқан азамат қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

Жеңіл көлік салонындағы жолаушылардың бәрі қайтыс болды. Қаза тапқандардың үшеуі — бала.

Сот үкімі бүгін сағат 18:00-де шығады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *