Company

ҚТЖ: Биыл теміржол өткелдерінде 19 жол апаты тіркелді

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2024 жылдың басынан бері теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының саны артқанын хабарлады.

Компания мәліметінше, жыл басынан бері: 19 жол-көлік оқиғасы тіркелген, 9 адам жарақат алған, 280 ереже бұзушылық анықталған, 1400-ден астам профилактикалық рейд өткізілген.

«Барлық жол апаттары автокөлік жүргізушілерінің кінәсінен болған. Көбінесе олар жабық шлагбаумды айналып өтіп, тыйым салатын белгілерді елемейді», — делінген компания хабарламасында.

Теміржолшылар көліктегі желілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, автокөлік кәсіпорындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы уақытқа дейін 448 түсіндіру жиналысы өткізіліп, оған 14 мыңнан астам жүргізуші қатысқан.

«Теміржол — қауіптілігі жоғары аймақ. Сондықтан жүргізушілерден өткелдерден өту кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз», — деп атап өтті ҚТЖ өкілдері.

Еске сала кетейік, теміржол өткелдеріндегі ереже бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Хромтауда «Tugan Qala» форумы алғаш рет тұрғындардың авторлық сценарийімен өтті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *