Медиа

«Әділ сөз»: БАҚ-ты аккредиттеудің үлгілік қағидаларының күшін жою жөніндегі бірінші сот отырысынан кейін туындаған сұрақтар

Фото: Gov.kz

31 қазанда Астана қаласы бойынша ауданаралық азаматтық істер сотында тоғыз журналисттің Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы ұжымдық шағымы бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Талап қоюға аккредиттелген журналистерге мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты кез келген БАҚ арқылы таратуға тыйым салатын жаңа бұйрықтың ережелері себеп болды. 

Алайда, журналисттердің талаптары мен сұрақтарына нақты және түсінікті жауаптардың орнына, қарама қарсы тараптың ұстанымы тек одан да көп сұрақ тудырды.

Логика қайда?

Мәдениет және ақпарат министрлігінің (МАМ) бір өкілі алынған ақпаратты тек аккредиттелген БАҚ-тарда жариялау ережесі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет екендігін, осылайша алғашқы ақпарат көзі ретінде МАМ-де тіркелген ресми БАҚ болуын қамтамасыз етеді деп мәлімдеді. Алайда, министрліктің басқа өкілі түсіндіріп өткендей, бұл ереже журналисттің ақпаратты таратуға тек тіркелген, бірақ аккредиттелмеген ресми БАҚ-тарға қатысты екенін түсіндірді. Егер сол журналист әлеуметтік желілерде немесе ресми түрде БАҚ болып саналмайтын басқа кез келген ресурстарда ақпарат тарататын болса, онда ешқандай бұзушылық болмайды. Демек, тіркелмеген БАҚ-тар ресми БАҚ-тарға қарағанда ақпарат таратуда басымдыққа ие болады ма? Логика қайда?

Құқық = міндет?

«Масс-медиа туралы» Заңның 28-бабынана сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының аккредитация алуы – бұл міндет емес, құқық болып табылады. МАМ өкілінің түсіндіруіне сәйкес, даулы норма журналистерді алынған ақпаратты таратуға ниетті барлық БАҚ атынан аккредитация алуға міндеттейді. Заңда — құқық, заңға тәуелді актіде — міндет. Министрлікте бұл қарама-қайшылықтарды байқамайтындай. Интернетте алған құқық пен міндеттің айырмашылығының ең қарапайым анықтамасын көрсетейік: «Құқық – бұл қалаған кезде жасай алатын нәрсе, бірақ міндетті емес. Ал міндет – сөзсіз орындауға тиісті нәрсе». Міне айырмашылық!

Мәдениет министрлігінің билігі Конституциядан жоғары ма?

Конституцияның 20-бабына сәйкес, ақпарат тарату тәсілдері тек Парламент қабылдаған және Президент қол қойған заңмен ғана шектелуі мүмкін екенін тікелей көрсетеді. МАМ Конституцияның 20-бабын бұза отырып, ақпарат тарату тәсілін заңға тәуелді актіде шектеген. Министрлік өкілі сотта басқа мемлекеттік органдардың, соның ішінде Президент әкімшілігі, Үкімет, ҰҚК және т.б., ақпарат тарату тәсілдерін шектеуге құқығы жоқ екенін мойындады. Әрине, Конституцияны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ, бірақ неге Мәдениет және ақпарат министрлігі өзі бұған жол беріп отыр ?

Мәдениет министрлігі кімнің авторлық құқығын қорғауда?

Мәдениет министрлігінің өкілі сотта түсіндіріп өткендей, егер аккредиттелген журналист мемлекеттік органнан алынған ақпаратты басқа аккредиттелмеген медиаға таратса, онда авторлық құқықты сақтау мәселесі туындайды. Анықтама үшін: «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес, ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер туралы хабарламалар авторлық құқық объектілері болып табылмайды. Әрине, мемлекеттік органдар да, масс-медиа да ақпараттық сипаттағы хабарламаларға авторлық құқыққа ие емес екені анық. Осыдан туындайтын сұрақ — министрлік кімді және қандай негізде қорғауда?

Министрліктің сөздері ештеңені білдірмейді ме?

Соттағы журналистер «Құқықтық актілер туралы» Заңның 58-бабына сәйкес аккредиттеу қағидаларының даулы жағдайы туралы министрліктің ресми түсініктемесін сұрады. МАМ өкілі мұндай түсініктемелердің міндетті заңдық күші жоқ және ұсынымдық сипатта екенін, ал соттар мен мемлекеттік органдар аккредиттеу қағидаларының ережелерін өз бетінше түсіндіріп, қолданатынын айтты. Сотта МАМ журналисттердің аккредиттелмеген ресми БАҚ-тарда ақпаратты еркін таратуға құқығы бар дейді, бірақ сот түсіндіру кезінде қарама-қайшы тұжырымға келуі мүмкін, өйткені даулы тармақта ақпаратты тек аккредиттелген БАҚ арқылы таратудың толық тыйым салынғаны көрсетілген. Министрлік бұл жағдайды түзетуге ниетті емес пе?

Журналисттерді бақылау қанша тұрады?

Журналисттерге ақпаратты тек аккредиттелген БАҚ арқылы тарату ережесі барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарды аккредиттелген журналисттердің барлық жарияланымдарын бақылауға міндеттейді, егер аккредиттелмеген БАҚ-та жарияланымдар анықталса, ол журналист аккредитациядан айырылуы тиіс. Бұл мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқығы емес, міндеті, әйтпесе кейбір журналисттер үшін бұзушылықты анықтап, басқалары үшін анықтамау Конституцияның 14-бабында тыйым салынған кемсітушілікке әкеледі. Әрбір мемлекеттік орган мен ұйым ондаған, тіпті жүздеген журналистті аккредиттесе (Қазақстанда мыңдаған БАҚ тіркелген), онда осындай бақылау бірнеше миллион теңгеге шығады, бұл жұмыс уақытын төлеуге, жабдыққа, бағдарламалық жасақтамаға, электр энергиясына және т.б. жұмсалады. Айтпақшы, журналист ақпаратты бүркеншік атпен тарата алады, демек журналисттердің нақты аттарын анықтау үшін де қосымша ресурстар қажет болады. Неге салық төлеушілер журналисттерге қарсы осы мағынасыз әрі заңсыз іс-әрекеттерді төлеуі керек?

Журналисттің кінәсін дәлелдеу мүмкін болмаса ше ?

Қазіргі интернет пен онлайн трансляциялар әлемінде ақпарат аса жылдамдықпен тарайды. Брифингтерден, баспасөз конференцияларынан немесе басқа іс-шаралардан журналисттер ақпаратты жылдап шығарып, оны бірінші болып жеткізу құқығы үшін бәсекелеседі. Егер аккредиттелген журналист аккредиттелмеген БАҚ-та алынған ақпаратты бірінші болып таратпаса, ол ақпаратты басқа БАҚ-тан алғанын мәлімдей алады, және бұл жағдайда даулы норма іс жүзінде жұмыс істемейді. Демек, аккредитациясыз БАҚ-та ақпарат таратуға тыйым салу ешқандай практикалық мәнге ие емес пе?

Әділет министрлігінің құқықтық сараптамасы жалған ба?

Аккредиттеудің жаңа қағидалары 20 тамызда күшіне енді, ал 26 тамызда жарияланды. Конституцияның 4-бабының 4-тармағында азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау – олардың қолданысының міндетті шарты деп көрсетілген. Ереже журналистердің (азаматтардың) құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты, демек, ол 20-26 тамыз аралығында қолданыла алмайтын еді. Алайда Әділет министрлігінің өкілі бұл Конституцияны бұзу деп санамайды. МАМ аккредиттелмеген БАҚ-та ақпаратты таратуға тыйым салу туралы тікелей айтса да, Әділет министрлігі даулы ережеде ақпарат тарату тәсілдерін шектеуді көрмеген. Демек, Конституцияның ақпарат тарату тәсілдерін тек заңдармен ғана шектеу мүмкіндігін белгілейтін 20-бабының бұзылғанын Әділет министрлігі байқамаған. Әділет министрлігінің құқықтық сараптамасы және құқықтық актілерді тіркеуі олардың заңдылығына кепілдік бермесе, салық төлеушілер бұл жұмысқа не үшін ақы төлеуі керек?

Дереккөз: adilsoz.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *