«Ақтөбе» футбол клубы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында прагалық «Спартадан» 2:1 есебімен басым түсті.
Кездесу Ақтөбедегі Орталық стадионда өтті. 29-минутта Даниэль Соса есеп ашса, 82-минутта Оралхан Өміртаев «Ақтөбенің» басымдығын еселеді. Алайда ойынның соңғы минутында қонақтар пенальтиден гол соғып, есепті қысқартты — бұл голдың авторы Велько Бирманчевич.
Енді қарымта матч 31 шілде күні Прагада өтеді. Екі ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз команда келесі кезеңге өтеді.