Әлеумет

Польшада Қазақстан елшілігінің әскери атташесінің көмекшісі тыңшылық күдігімен қамауға алынды

Фото: istockphoto.com

Польша құқық қорғау органдары Қазақстанның Украинадағы елшілігінде әскери атташенің көмекшісі болып істейтін азаматты тыңшылық ісі бойынша қамауға алды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, қазір шетелдік тараппен байланыс орнатылып, жағдайды шешу бағытында жұмыс жүріп жатыр. Сонымен қатар, азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажетті шаралар қолға алынды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Алматылық өзін ҰҚК полковнигі ретінде таныстырып, кәсіпкердің 2 млрд-тан астам теңгесін жымқырды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *