Ақпарат Әлеумет

Кибералаяқтыққа қатысты 15 мың дерек тіркелген: қорғану жолдары қандай

Бүгінде әлемде кибершабуыл өршіп тұр. Бұл қылмыс түрі онлайн істеледі. Оны техниканың тілін жетік меңгергендер үйінде отырып бір қадам шықпай-ақ компанияларды шаш-етектен шығынға батырады.

Қашықтан отырып-ақ, өндіріс орындарының жұмысын тежеп, газ құбырларындағы жарылыстарды, жарықтың жаппай өшіп қалуы мен ұшақтардың құлауын, пойыздардың рельстен шығып кетуін де ұйымдастыра алады. Мұның бәрін де компьютер арқылы іске асыруға болады. Бұл мысалдар тек шет елдерде ғана болмаса, біздің ел мұндай қауіптен алшақ.

Десе де, елімізде интернет-алаяқтық өршіп тұр. Белгісіз біреулер телефон арқылы кез-келген адамға несие рәсімдеп, қарызға батырады. Бұл да бір кибершабуылдың көпшілік арасында кең тараған түрі. Мұндай қылмыс әсіресе Германияда көп. Елде олармен күресу үшін арнайы киберқауіпсіздік министрлігі жұмыс істейді.

Ал, Ресей мен Қытай секілді көршілес елдер жыл сайын түрлі заң қабылдап әлек. Жаһанда болып жатқан қауіптен Қазақстан да қорғану аса маңызды.

Жыл басынан бері елімізде интернет алаяқтыққа қатысты 15506 факті тіркелген. Бұл мәліметті Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігінің баспасөз хатшысы хабарлады. Көп жағдайда қылмысқа күдіктілер ұсталмай жатады. Себебі телефонның арғы бетінде сөйлесіп тұрған алаяқтың қай елден қай қаладан хабарласып тұрғаны белгісіз.

Алаяқтардан қалай қорғану қажет: 

  • Хабарласқан кезде адамға психологиялық түрде қысым көрсетіледі. Асықтырады. Бұл ретте абдырамай мән жайды толық түсіну қажет.
  • Күдікті адам екенін сезсеңіз телефон тұтқасын қоя салып, қайта хабарласып көріңіз. Егер екінші рет қоңырау бармаған жағдайда ол алаяқ.
  • Интернет алаяқтардың басым көпшілігі WhatsApp месенждері арқылы байланысқа шығады. Бұл жағдайда дыбыстық хабарлама жіберуін сұраңыз немесе видео қоңырауға байланысуға шақырыңыз. Егер сіздің бұл ұсынысыңыздан бас тартса бұл адам күдікті деген сөз.
  • Қандайда бір интернет алаяқтық дерегін байқаған кез келген адам 1400 нөміріне хабарласып, арнайы мамандардан кеңес алыңыз. Ақпарат орталығы 24 сағат үзіліссіз жұмыс істейді.

Камшат Умбеталиева, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *