Саясат

Легионер спортшыларға қатысты лимит заңмен бекітіледі – министрлік

Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат ХАА

Туризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорт» саласындағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Заң жобасын әзірледі. Заң жобасындағы өзгерістердің бірі легионер спортшыларға қатысты лимитті заңмен бекіту нормасы енгізілмек. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап, «Тілші» хабарлайды. 

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында ендігі уақытта легионер спортшыларға 1 тиын берілмейтіні туралы мәлімдеме жасады.

«Адам естімеген спорт түрлеріне ақша беріп келген министрліктің шешімі де тоқтатылды. 180 спорт түрі қысқартылады. Тиісті норманы Үкімет қолдады», — деп жазды Нартай Сәрсенғалиев желідегі парақшасында.

Халық қалаулысының мәліметінше, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 49 бабының бірінші бөлігіне сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асыруға тыйым салынады. Сондай-ақ, Нартай Сәрсенғалиев Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейтінін айтып отыр.

Осы орайда дене шынықтыру және спорт заңындағы өзгерістер мен толықтыруларға қатысты Туризм және спорт министрлігіне сауал жолдаған едік.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы мен 2024 жылғы 27 тамызда Олимпиада жүлдегерлерімен кездесу кезінде берген тапсырмаларына сәйкес, қазіргі таңда, «Дене шынықтыру және спорт» саласындағы заңға өзгерістермен толықтырулар енгізу бойынша Заң жобасы әзірленді. Заң жобасында қарастыруда өзгерістердің бірі ретінде легионер спортшыларға қатысты лимитті заңмен бекіту нормасы енгізілген. Кәсіби командалық спорт клубтарына арналған қаржыландыру лимиттерін бекіту және спорттың басым түрлерін айқындау құзыреті спорт саласындағы уәкілетті органға беріледі. Бұл ретте, спорт саласында тікелей біріктірілген басқару жүйесін енгізу көзделуде», — делінген агенттік жолдаған ресми сауал жауабында.

Қазір аталған заң жобасы Мәжілістің қарауында.

«Заңға енгізілген тағы бір өзгеріс мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын спорт түрлері үш санатқа бөлінеді, ол негізгі», медальдық және ұлттық спорт. Қазіргі таңдағы 180 спорт түрінен олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін және Азия ойындарының бағдарламасына кіретін спорт түрлерін қалдыру жоспарланып отыр. Легионер спортшыларға қатысты кәсіби командалық спорт клубтарына арналған қаржыландыру лимиттерін бекіту және спорттың басым түрлерін айқындау құзыреті спорт саласындағы уәкілетті органға берілуі қарастырылған», — деген жауап алдық министрліктен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *