Әлеумет

Air Astana әуе компаниясы 5 млн өтемақы төлейді

Фото @airastana/photos/4948274731878554

Сот Air Astana әуе компаниясын 12 жастағы қызды ұшаққа отырғызбағаны үшін оның анасына 5 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұл туралы atamekenbusiness хабарлайды.

Бұл туралы адвокат Данилхан Шағатев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

20 шілдеде Зере және Зәуре атты егіз қыз Америкадан елге қайтқан. Олар сенімді өкілмен, бір топ баламен саяхаттаған. Қайтарда Астана арқылы транзитпен Оралға ұшуы керек болған, бірақ Зерені компания бортқа кіргізбей, жалғыз өзін тастап кеткен. Ал сенімді өкіл басқа балалармен ұшып кеткен.

Әуежайдағы камералардың жазбаларынан 12 жастағы қыздың 3 сағат жылап тұрғанын көруге болады. Осы оқиғадан кейін FlyArystan басшысы баланың анасымен кездесіп, кешірім сұрап, өтемақы ретінде 4 млн теңге ұсынған. Бірақ әйел одан бас тартып, сотқа жүгінген.

FlyArystan әуе компаниясы сыйымдылығы 188 орындық ұшақты 180 орындық бортқа ауыстырғаны анықталды.

Нәтижесінде Зере 181-жолаушы ретінде тіркеліп, ұшаққа отыра алмаған.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Өскемендегі әлімжеттік: сот екі жасөспірім қызды бас бостандығынан айырды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *