Саясат

Молдовада өтіп жатқан президент сайлауының екінші кезеңінде Мая Санду жеңіске жетті

Молдованың іс басындағы презиендті Мая Санду президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетті. Оған сайлаушылардың 54,96% дауыс берген. Ал оның қарсыласы Александр Стояногло 45,04% дауыс жинады. Бұл Орталық сайлау комиссиясының 98,74% хаттамаларды өңдеуден кейінгі дауыс берудің алдын ала қорытындысы, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Енді шет мемлекеттердегі сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау ғана қалды.

Молдаваның өзінде хаттамалар 100% өңделді. Орталық сайлау комиссиясының хаттамаларына сәйкес, ел ішінде халықтың көпшілігі Стояноглоға дауыс берген. Осылайша ол 51,19% дауыс жинаған. Ал Сандуды елдің 48,81% қолдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *