Company

KEGOC компаниясы биылғы алғашқы жарты жылдық үшін 22,7 млрд теңге көлемінде дивиденд төледі

Фото: Руслан Пряников. Көрнекі сурет

KEGOC компаниясы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза пайдасының 64,5 пайызын акционерлерге дивиденд ретінде бөлді. Бұл туралы шешім 11 қазанда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданды, деп хабарлайды «Тілші» компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, бір жай акцияға шаққанда 82,40 теңгеден төленетін дивидендтерді 28 қазандағы жағдай бойынша тіркелген акционерлер алады.

«KEGOC акционерлерге жылына екі рет дивиденд төлейді. 2023 жылы жаңартылған дивидендтік саясатқа сәйкес, компания таза пайдасының кемінде 60 пайызын акционерлерге бөледі. 2014 жылдан бері акционерлерге 280 млрд теңгеден астам дивиденд төленген», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *