Әлеумет

1 қаңтардан бастап екі түрлі жәрдемақының мөлшері өседі: қанша теңгеге

Көрнекі сурет: 7-su.kz

Үкімет әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы тиісті қаулыны бекітті, деп хабарлайды «Тілші»  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылған және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін жәрдемақы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұлғаяды. Оларға қазіргі мөлшердің 6,5% қосылады.

Қаулы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

2024 жылы жалпы ауру-сырқаттан мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері мынадай соманы құраған:

І топ үшін – 95 496 теңге;
ІІ топ – 76 397 теңге;
ІІІ топ – 52 089 теңге.
2024 жылдың 1 қазанындағы көрсеткіш бойынша, мүгедектігі бар 542,2 мың қазақстандық жәрдемақы алған.

2024 жылы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылған азаматтар 58 849 теңге, асыраушысынан айырылған азаматтарға 62 763 теңгені құрайды. Олардың жалпы саны 157,9 мың адам.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Су тасқынында үйлері жарамсыз болып қалған ойылдықтар баспаналы болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *