Ақпарат

Е-SPORT платформасы іске қосылады

Дене шынықтыру мен спорттың цифрлық бағдарламасы үш бағытты қамтиды. Бұл жөнінде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Абай облысы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Айта кетейік, Е-SPORT цифрлық платформасын жасау негізі 2020 жылы қолға алынған. Бірақ, өкінішке орай, белгісіз себептермен бастама аяқсыз қалды. Нәтижесінде министрлік Қазақстандағы спорттың жай-күйі туралы толық деректерді біле алмай отыр. Жарыс жүлдегерлерінің, спорт ғимараттарының, секциялар мен жаттықтырушылардың бірыңғай есебін жүргізу қиын.

Цифрландырудың болмауы жалған спорттық атақтар беруге де ықпал етеді. Бұған қоса, ішкі іріктеудің ашықтығына қатысты сұрақты көбейтеді. Аталған факторлардың салдары оқу-жаттығу жиындары шығындары мен спорт объектілерін жалға алудың жалғандығымен, легионерлерге еңбекақыны асыра бағалаумен және қосарланған қаржыландырумен ұштасқан бюджет қаражатының бақылаусыз игерілуіне алып келеді.

«Дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын (E-Sport) іске асыру аясында Министрлік пилоттық режимде негізгі 3 модульді іске қосуды жоспарлап отыр. Олар – спортшылар, бапкерлер, төрешілер мен әдіскерлер паспорттарының бірыңғай деректер базасы, іс-шаралардың электрондық күнтізбесі және объектілердің тізімі» — деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Еске сала кетейік, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ұлттық арнадағы «Жедел желі» бағдарламасының тілшілері мен көрермен сұрақтарына жауап берген еді. Бағдарлама тілшісінің сұрағы басшылық қызметтерге тағайындалып жатқан олимпиада чемпиондарының менеджерлік қабілетіне қатысты болды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  «Олимпиада чемпиондары қаншалықты мықты менеджер?»: Туризм және спорт министрі «Жедел желіге» жауап берді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *