Қазақстан нарығында Tumodo платформасы іске қосылады. Бұл сервис іскерлік сапарларды ұйымдастыруға маманданған және 2021 жылы негізі қаланған. Компанияның штаб-пәтері Дубайда (БАӘ) орналасқан. Tumodo 500-ден астам әуе компаниясы мен екі жарым миллионнан астам орналастыру нұсқаларына қолжетімділікті ұсынады. Сервис бұған дейін БАӘ, Сауд Арабиясы, Үндістан және Гонконг нарықтарында өзін жақсы жағынан танытты. Клиенттер базасына Tabby, Azizi, Binance және Playrix сияқты 200-ден астам компания кіреді. Компания 2028 жылға қарай Қазақстан нарығының 10%-ын иеленуді жоспарлап отыр, бұл жергілікті инфрақұрылымды дамыту мен әріптестікті нығайту арқылы жүзеге аспақ.
Tumodo платформасын Қазақстанда іске қосу арқылы компания бизнес өкілдеріне іссапар шығындарын оңтайландыруға көмектесуді көздейді. Заманауи технологиялардың, жасырын төлемдердің болмауы мен процестің толық автоматтандырылуының арқасында шығындарды орта есеппен 35%-ға дейін қысқартуға болады. Tumodo-ның негізгі функциясына онлайн-брондау, шығындарды ашық бақылау, икемді тарифтер, сондай-ақ бухгалтерлік және HR жүйелермен интеграция мүмкіндігі жатады.
Tumodo кәсіпкерлерге сапардың бүкіл логистикасын оңай құруға мүмкіндік береді – әуе билеттерін сатып алудан бастап, такси шақыру мен қонақүй брондауға дейін. Онлайн-сервис іссапар процесін толықтай ұйымдастырып, клиенттердің уақытын да, қаражатын да үнемдеуге көмектеседі. Платформа тәулік бойы қолдау қызметін ұсынады, корпоративтік ынтымақтастық бағдарламаларын пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ барлық қажетті құжаттарды автоматты түрде ыңғайлы форматта қалыптастырады.
Tumodo KZ бас директоры Михаил Вислиннің айтуынша, Қазақстан экономикалық дамудыңарқасында Орталық Азиядағы маңызды аумаққа айналып келеді.
«2023 жылы Қазақстандағы саяхат нарығының айналымы 1,8 миллиард долларды құрап, өткенжылмен салыстырғанда 20%-ға өсті деп бағаланады. Біз бизнеске нарықтың өсіп келе жатқан сұранысына жауап беретін тиімді шешім ұсынуға қуаныштымыз», – деп атап өтті ол.
Орталық Азияның туристік секторы 2024 жылы 15,7 миллиард долларға жетеді деп болжануда, бұл аймақ экономикасының жалпы көлемінің 4,2%-ын құрайды. 2034 жылға қарай бұл көрсеткіш 24,5 миллиард долларға дейін өсіп, жылдық орташа өсім қарқыны (CAGR) 4,6% болады деп күтілуде.
Компания туралы:
Tumodo – 2021 жылы негізі қаланған іссапарларды ұйымдастыруға арналған сервис. Компанияның штаб-пәтері Дубайда орналасқан, ал оның қызметтері Таяу Шығыс пен Азия нарықтарында қолжетімді.
Tumodo клиенттері күн сайын 3000-нан астам брондау жасайды, ал оның серіктестерінің қатарында Playrix, Binance және Lime сияқты брендтер бар.