Aqtobe Day Әлеумет

ІІМ: Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «әлеуметтік» газ ұрлаған қылмыстық топты ұстады

Фото: Zakon.kz

Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп, аталған өңірде кен орнының аумағынан «әлеуметтік» газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Фигуранттар газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары болып табылады. — Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленетін болады. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Әйкерім Нұрлан, NEKKAR кофеханасының иесі: «Біздің бағытта ең қиыны - бариста табу»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *