Aqtobe Day Әлеумет

«Желіде танысқан қыз жалдамалы пәтерге шақырған»: Ақтөбеде бопсалаушылар ұсталды

Фото: Zakon.kz

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 25 жастағы жігітті қорқытып, 2 миллион теңге бопсалаған күдіктілерді ізін суытпай ұстады.

Тергеп-тексеру барысында күдіктілер бұрын сотталған екі жергілікті тұрғын мен 19 жастағы бойжеткен екені анықталды. Олар алдын ала сөз байласу арқылы жәбірленушіні бопсалау схемасын құрғаны белгілі болды.

Жас жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысқан қыз оны жалдамалы пәтерге шақырған. Кейін бұл жерге күдіктілер келіп, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған.

Олар бойжеткеннің «кәмелетке толмағанын» және жігіттің оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскенін хабарлап, жігіттен 2 миллион теңге бопсалаған.

Ұсталғандар кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығына енді Асқар Жүсібалиев жауап береді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *