Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким Jusan Bank акцияларының 97,5%-ын сатып алуға өтініш бергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл мәміленің Kaspi.kz компаниясына қатысы жоқ, деп хабарлайды vlast.kz.
«Мен Қаржы нарығын реттеу агенттігіне (ҚНРА) Jusan Bank акцияларының 97,5%-ын сатып алуға өтініш бердім. Қазір бұл өтінішті реттеуші орган қарастырып жатыр. Реттеуші өтінішті егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін шешім қабылдайды деп күтілуде», — деді Ким.
Бұл мәміленің басталғаны туралы бейресми ақпарат өткен аптада тараған болатын. ҚНРА коммерциялық құпияға сілтеме жасап, ақпаратты растаудан бас тартты.