Aqtobe Day Company

Хромтаулық спортшы Қазақстан бойынша ең ұзақ қашықтықты бағындырды

Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жаттықтырушысы Александр Константинов «Wings for Life World Run» жарысында Қазақстан бойынша ең ұзақ қашықтықты бағындырды.

Спортшы 41,78 км жүгіріп өтті. Бұл – ел бойынша осы сайыста тіркелген ең үздік нәтиже. Жарыстың шарты ерекше: қатысушылар өзінен кейінірек жолға шығатын арнайы виртуалды көлік қуып жеткенше барынша ұзақ қашықтықты жүгіруі қажет.

– Бұл жарысқа арнайы дайындалған жоқпын. Әдеттегідей триатлонға дайындық жаттығуларын жасап жүргенмін, – дейді Александр. – Бірақ алдыңғы чемпионның көрсеткішінен асып түсуді мақсат еттім. Сол межеге жеткен соң, көлікті күтпей-ақ, жаттығуды аяқтадым. Жалпы, біздің Дөң комбинатында жүгіруге деген қызығушылық артып келеді. ERG Run Fest корпоративтік шарасына дайындық аясында «Tulpar» жүгіру клубын құрдық. Қазір бұл клубта тұрақты түрде 20-ға жуық адам жаттығады, олардың біразы түрлі жарыстарға қатысып, өздерін сынап үлгерді.

Александрдың спорттағы жетістіктері аз емес. Өткен жылы ол Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен жарыста тамаша нәтиже көрсетті. Сонымен қатар президенттік көпсайыс бойынша спорт шебері атағын иеленген. Жалпы спортпен сегіз жасынан бері айналысып келеді.

Қазір ол алдағы Ақтөбе жартылай марафонына (21,1 км) және 13 шілдеде өтетін Half Triathlon жарысына дайындалып жатыр.

Қосымша ақпарат:
«Wings for Life World Run» қозғалысы әлем бойынша мыңдаған спортшыны біріктіреді. Шараның басты мақсаты – жұлын жарақатын емдеуге бағытталған зерттеулерге қаражат жинау. Қатысушылар әлемнің кез келген нүктесінен онлайн-форматта арнайы қосымша арқылы немесе белгіленген орындарда жарысқа қосыла алады. Жүгіруші өзінен жарты сағат кешірек шығып, біртіндеп жылдамдық арттыратын виртуалды көлік қуып жеткенше жүгіріп үлгеруі керек.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Су тасқынынан зардап шеккендерге Жұбанов университеті студенттерінен қандай көмек тиіп жатыр?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *